Өкіну, қынжылу, опыну

lat: Ókiný, qynjylý, opyný

Бір нәрсеге іштей қатты ренжу, опық жеу, қиналу. Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, өкінгеннен не пайда? (Абай). Жұмыскерлеріне сүйсінердей бір ауыз тиянақты сөз айта алмағанына өзі де қатты қынжылып келеді (Ғ. Мүсірепов). Нүсіп өткен опасыздықтарының бәрін ойлай келіп, қараптан-қарап отырып опынды (А. Хангелдин).